Қазақстанда бетперделерді қолдану мәжбүрленуі мүмкін
(last modified Fri, 01 Jul 2022 11:48:52 GMT )
Шіл 01, 2022 17:48 Asia/Almaty
  • Қазақстанда бетперделерді қолдану мәжбүрленуі мүмкін

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары коронавирус жұқтырғандар саны көбейсе, масканы қолдану міндетті болатынын айтты.

 

Fars News агенттігінің  мәліметі бойынша, Ерлан Тоғжанов вирус  жұқтырғандар саны көбейген жағдайда бұл елге коронавирусқа қатысты шектеулердің қайтарылу мүмкіндігі туралы ескертіп: «Қазір Денсаулық сақтау министрлігіне екпе жұмыстарын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді»,- деді. Тоғжанов: «Қазір бір тәулікте вирусты жұқтырғандар саны 100-ге жетті. Сондықтан карантиндік шектеулерді күшейту мәселе көтерілуде. Ведомствоаралық комиссияның отырысында індеттік вирустың таралуына жол бермеу мәселесі қаралады»,- деп мәлімдеді.

«29 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 137 жаңа жағдай тіркелді»,- деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.