Иран, Қытай және Үндістан азаматтары Қазақстанға визасыз бара алады
Нұр-Сұлтан Иран, Қытай және Үндістан азаматтарына Қазақстанға визасыз 14 күнге баруға рұқсат берді.
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 14 күнге визасыз тоқтауға рұқсат осы үш елдің азаматтарына жеке, іскерлік және туристік мақсатта Қазақстанға келуге мүмкіндік береді. Осы хабарға сәйкес, Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасап, 2022 жылдың 8 шілдесінен бастап бұл ел біржақты тәртіппен Иран, Үндістан және Қытай азаматтары үшін визасыз режимді бастағанын мәлімдеді. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі: «Әрбір 180 күндік кезеңде визасыз 42 күннен артық тұру мүмкін емес. Сондай-ақ, визасыз тоқталуға рұсат етілген кезеңде ақша табу үшін жұмыс істеуге немесе кез келген басқа қызметке тыйым салынады»,- деп жариялады.