Қазақстанда халық саны артты
Там 04, 2022 18:49 Asia/Almaty
Қазақстан халқының саны 2022 жылдың бірінші жартысында 124000 адамға артты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Ұлттық статистика агенттігі кеше, сәрсенбі: "Халық саны ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін 19 млн 246 мың адамға жетті. Яғни жыл басынан бері 124 мың адамға артты",-деп мәлімдеді.
Қазақстан халқының саны ағымдағы жылдың бірінші жартысында 0,65 пайызға артты. Тұрғындар саны бәрінен бұрын ел астанасы Нұр-Сұлтанда артқан. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындар саны 2022 жылдың 1 шілдесінде 1267005 адамға, Алматыда 2053009 адамға, Шымкентте 1127003 адамға жетті.
Тегтер