Сағдиге арналған поэзия кеші өтті
(last modified Tue, 26 Apr 2016 10:12:36 GMT )
Сәу 26, 2016 16:12 Asia/Almaty
  • Сағдиге арналған  поэзия кеші өтті

Жақында қазақ ғылымы мен білімнің қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің «Гүлістан» үйірмесі мен Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің Алматы қаласындағы Мәдени Өкілдігі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы бірлесіп, парсының ұлы ақыны шираздық Сағдидің мұрасына арналған поэзия кешін өткізді.

Сөз өнерінің дамып-өркендеуіне өз үлесін қосқан Сағди мұрасы әлемдік әдебиетте өзіндік орынға ие. Осы әдеби кешке Иран Ислам Республикасы елшілігінің Алматы қаласындағы консулы Асади, Иран Ислам Республикасы елшілігі жанындағы Алматы Мәдени өкілдігінің басшысы Мәжид Камрани, доктор А. Ченари, профессор Ө.К.Күмісбаев, профессор Т.Тебегенов, профессор Б. Сәтершинов, ақын Ұ.Есдәулетов, ақын, журналист Дәулетбек Байтұрсынұлы, жазушы С.Нұғман, Қазақ радиосының тілшісі Ғ. Есенсариев, журналист Ж. Сембекұлы, Қазақ радиосының тілшісі Н. Жаңабаева, шығыстанушы-ғалымдар Б.Батырхан, Ғ.Қамбарбекова, М.Салқынбаев, Ж.Жомарт және т.б қатысты. Кештің ұйымдастырылуына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті Т. Қыдыр басқаратын «Гүлістан» үйірмесі мұрындық болды.