Тоқаев Германиямен екіжақты ынтымақтастықты дамытуды қуаттады
Қазақстан Президенті Германияның экономикалық делегациясымен кездесуінде Нұр-Сұлтанның осы елмен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Германия арасындағы сауда, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады.
Тоқаев Германияны Қазақстанның Еуроодақтағы ең маңызды серіктесі деп атап: «Қазіргі уақытта Қазақстанда неміс инвесторларының қатысуымен 600-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Қазақстан үкіметі 800 жобаны қамтитын инвестициялық жобалар пакетін дайындады және германиялық компанияларын тарту үшін қолайлы жағдай жасау үшін қажетті дайындық бар»,- деді
Бұл кездесуде Германия делегациясының басшысы неміс компанияларымен ынтымақтастық жөніндегі арнайы үкіметтік топтың қызметін тиімді деп бағалады. Ол елінің бизнес секторының Транскаспий көлік дәлізін дамытуға қатысуға, тау-кен өнеркәсібі мен энергетика саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі екінін мәлімдеді.