Қыр 18, 2022 17:57 Asia/Almaty
  • Назарбаев Астанадағы бас мешітте жұма намазына қатысты

Қазақстанның тұңғыш президенті Астанадағы бас мешітте жұма намазына қатысты.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы бас мешітте жұма намазына қатысты.

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың айтуынша, Қазақстанның тұңғыш президенті Астанадағы бас мешітте жұма намазына қатысып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне келген жоғары мәртебелі мейман әл-Ахзар университетінің бас мүфтиі шейх Ахмад әт-Тайебке қошемет білдірді.

Назарбаев 1991 жылы Қазақстанның президенті болып, 2019 жылы Наурыз тойы қарсаңында өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді.

Қазақстан Парламенті 16 қыркүйекте ел астанасының атауын "Нұр-Сұлтаннан" "Астанаға" ауыстыру туралы шешім қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні жарлыққа қол қойып, ресми түрде елорданың атауын қайта "Астана" деп өзгертті.

Тегтер