Ардебильдік әртіс Қазақстандағы "Әбіш әлемі" театр фестивалінің төрешісі болады
Ардебильдік әртіс Атабак Надери Қазақстандағы "Әбіш әлемі" атты екінші халықаралық театр фестивалінің төрешісі болады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазақтың атақты жазушысы әрі аудармашысы Әбіш Кекілбаевтың атымен аталған бұл фестиваль 2022 жылы 20-23 қыркүйек арасында Қазақстанның Ақтау қаласында өтеді.
"Әбіш әлемі" театр фестивалі 2016 жылдан бастап ұлттық деңгейде, 2019 жылдан бастан халықаралық деңгейде өткізіле бастады. Бұл кезеңде Қазақстанның қойылымдарымен қоса, Ресей, Грузия мен Қырғызстан елдерінің туындылары көрсетілді.
Осы фестивальдің бұрынғы кезеңдерінде Ираннан режиссер Әлиреза Кушк Джалалидің "Робинзон Крузо" қойылымы, режиссер Акбар Садеқидің "Өзіңді менен алдың" және "Лир патша" қойылымдары көрсетілген болатын.