Соңғы 2 аптада Қазақстанға 200 мың Ресей азаматы келген
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i64510
Ресейде жалпы жұмылдыру жарияланғаннан кейін екі аптаның ішінде бұл елдің 200 мыңнан астам азаматы Қазақстанға келген.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 05, 2022 17:48 Asia/Almaty
  • Соңғы 2 аптада Қазақстанға 200 мың Ресей азаматы келген

Ресейде жалпы жұмылдыру жарияланғаннан кейін екі аптаның ішінде бұл елдің 200 мыңнан астам азаматы Қазақстанға келген.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осы уақыт аралығында 147 мың Ресей азаматының да бұл елден кеткенін хабарлады. Қазақстан Ішкі істер министрінің айтуынша, Ресейдің 7 азаматы бұл елдің аумағынан шығарылды, оның 3-уі шекараны заңсыз кесіп өту және тағы 4-уі бұзақылық үшін.

Бұған дейін Қазақстан президенті елге ресейліктердің жаппай ағылуы аясында Ресей билігімен келіссөздер жүргізуге ниетті екенін мәлімдеген. Қазақстан Ішкі істер министрі өз кезегінде жалпы жұмылдырудан қашып елге кірген Ресей азаматтарын халықаралық іздеуде болмаса,  Мәскеуге  қайтармау уәде берді.