Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті
(last modified Fri, 07 Oct 2022 15:10:12 GMT )
Қаз 07, 2022 21:10 Asia/Almaty
  • Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы бейсенбі күні: "Зерттеулер нəтижесі бойынша өткен бір жылда бұл елде азық-түлік бағасы 21 пайызға өсті",-деді.

Биыл тамыз айындағы есеп бойынша ТМД елдері арасында азық-түлік бағасының жылдық ең көп өсуі Молдовада (38,4 пайыз) тіркелді. Украина  30,7 пайызбен жəне Қазақстан 21 пайызбен екінші жəне үшінші орынға тұрақтады.

Азық-түлік бағасы Əзірбайжан, Беларусь пен Қырғызстанда 18,9 пайызға, Ресейде 15,8 пайызға, Арменияда 12,5 пайызға өскен.