Тоқаев: Қазақстанда президенттік сайлау ашық та əділ өтеді
Қазақстан Президенті өз кандидатурасы президенттік сайлауға ұсынылғанына тоқталып: "Халыққа сайлау ашық та əділ өтеді деп сөз беремін",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына сапарында халықты қазіргі Президенттің қай партия атынан сайлауға қатысатыны алаңдатып отырғанына тоқталып: "Осы мəселеге қатысты бірнеше ұсыныс алдым. Бұл азаматтардың елде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдай түскенін көрсетеді",-деді.
Қазақстандағы бірнеше ұйым, соның ішінде Ұлттық еріктілер желісі, азаматтық альянс, "Қазақстан Team" жастар ассоциациясы, ардагерлер ұйымы жəне спортшылар одағы Тоқаевты президенттік сайлауда өз кандидатурасы ретінде ұсынатындарын мəлімдеді.
Осы күнге дейін 4 адам президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелді. Үшеуі "Ауыл" партиясы, Ұлттық социал-демократиялық партия жəне "Аманат" кəсіподақтар одағынан болса, төртінші адам Балли Мажец - Польша азаматшасы. Бірақ оның кандидатурасы Орталық сайлау комиссиясы тарапынан қабылданбады.