Тоқаев: Қазақстанда президенттік сайлау ашық та əділ өтеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i64566
Қазақстан Президенті өз кандидатурасы президенттік сайлауға ұсынылғанына тоқталып: "Халыққа сайлау ашық та əділ өтеді деп сөз беремін",-деді.  
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 07, 2022 22:11 Asia/Almaty
  • Тоқаев: Қазақстанда президенттік сайлау ашық та əділ өтеді

Қазақстан Президенті өз кандидатурасы президенттік сайлауға ұсынылғанына тоқталып: "Халыққа сайлау ашық та əділ өтеді деп сөз беремін",-деді.  

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына сапарында халықты қазіргі Президенттің қай партия атынан сайлауға қатысатыны алаңдатып отырғанына тоқталып: "Осы мəселеге қатысты бірнеше ұсыныс алдым. Бұл азаматтардың елде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдай түскенін көрсетеді",-деді.

Қазақстандағы бірнеше ұйым, соның ішінде Ұлттық еріктілер желісі, азаматтық альянс, "Қазақстан  Team" жастар ассоциациясы, ардагерлер ұйымы жəне спортшылар одағы Тоқаевты президенттік сайлауда өз кандидатурасы ретінде  ұсынатындарын мəлімдеді.

Осы күнге дейін 4 адам президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелді. Үшеуі "Ауыл" партиясы, Ұлттық социал-демократиялық партия жəне "Аманат" кəсіподақтар одағынан болса, төртінші адам Балли Мажец - Польша азаматшасы. Бірақ оның кандидатурасы Орталық сайлау комиссиясы тарапынан қабылданбады.