Қаз 08, 2022 17:41 Asia/Almaty
  • Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Қазақстандағы әскери оқу-жаттығулары аяқталды

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы күштерінің әскери жаттығулары аяқталды.

 

3 қазанда басталған бес күндік оқу-жаттығуға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің 6 мың 500 сарбазы қатысты. Бұл оқу-жаттығуда жауынгерлерді аймақтан аймаққа ауыстыру кезінде темір жолдағы диверсияны, Ұжымдық қауіпсіздік шартының жауапкершілігі аясындағы қарулы қақтығыстарды және қарулы қақтығыстың ауқымын шектеу жаттығуы өтті.  

Қазақстанның «Жамбыл» облысының «Мәтібұлақ» және «Гвардейский» оқу-жаттығу алаңдары Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдер әскерилерінің күш көрсету алаңы болды.

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсаинов: « Бұл оқу-жаттығуларда командалық-басқару органдарының ұйымшылдығын, жауынгерлік әзірлік пен өзара іс-қимылды жақсарту бойынша шаралар қабылданды»,- деді. Генерал-лейтенант Марат Құсаинов бұл әскери оқу-жаттығудың сапасы мен нәтижелеріне ризалығын білдірді.

 

 

 

Тегтер