Қазақстан Премьер-министрі: Аймақтық көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту керек
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i64634
Қазақстан Премьер-министрі халықаралық сауданың әлеуеттерін толық пайдалану үшін аймақтық көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту керегін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 10, 2022 15:24 Asia/Almaty

Қазақстан Премьер-министрі халықаралық сауданың әлеуеттерін толық пайдалану үшін аймақтық көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту керегін айтты.

Әлихан Смаилов Мәскеуде өткен Каспий экономикалық форумының екінші отырысында: «Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы кедергілер жойылуы керек. Сонда Еуропа, Орта Азия мен Қытай арасында жүк тасымалы кеңейе түсетін болады»,-деді.

Қазақстан Премьер-министрі: «Ақтау айлағы Парсы шығанағы елдері, Иран, Үндістан, Қазақстан мен Ресей арасында бір хабқа айналуға дайын»,-деді.

Әлихан Смаилов: «Әріптестеріммен осы жөнінде келісіп, қазірден бастап іске кірістік. Осы мақсатта тиімді жол картасын дайындап, транзиттік жолдарды кеңейтеміз»,-деді.