Эмомали Рахмон ертең Астанаға аттанады
Қаз 11, 2022 19:32 Asia/Almaty
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 12-13 қазанда Қазақстанға келіп, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенімді нығайту жөніндегі конференцияға қатысады.
«Fars news» агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан ұйымдастыратын Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім орнату конференциясына 11 президент, бір премьер-министр (Вьетнам), бір вице-премьер (Қытай) және 5 министр қатысады деп жоспарлануда.
Қазақстан президентінің төрағалығымен Ресей, Әзірбайжан, Ирак, Иран, Катар, Қырғызстан, Палестина, Түркия, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері кездеседі.