Қазақстанның әскери доктринасына өзгеріс енгізілді
Қазақстан Президенті елдің әскери доктринасына өзгеріс енгізу, соның ішінде кибер қатерлерге қарсы күресу мәселесін енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 2017 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстанның әскери доктринасы туралы бекітілген №54 бұйрығына өзгеріс пен қосымша енгізуге қол қойды.
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, елдің әскери доктринасына енгізілетін басты өзгерістер мына тақырыптарға қатысты: әскери күштердің жауынгерлік потенциалы, кибер шабуылдар және әскери әрекеттестік.
Жарлықта былай делінген: әлемде жаңа физикалық принциптер негізінде жасалған жаппай қырып-жою қаруларының көлемі артқанын ескерсек, болашақта Қазақстанға қауіп төнеді.
Қазақстанның әскери доктринасында сондай-ақ стратегиялық мақсатта қажетті күш, қару-жарақтар мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы құрлық, әуе және теңіз күштерінің жауынгерлік қабілетін арттыру туралы сөз қозғалған.