Тоқаев Қазақстанның әскери доктринасына өзгеріс енгізді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i65038-Тоқаев_Қазақстанның_әскери_доктринасына_өзгеріс_енгізді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңа әскери доктринасын бекітті.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаз 25, 2022 17:05 Asia/Almaty
  • Тоқаев Қазақстанның әскери доктринасына  өзгеріс енгізді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңа әскери доктринасын бекітті.

 

Shafqna-ның хабарлауынша, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Қасым Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Қазақстан халқына елдің әскери доктринасын жаңарту туралы бұйрық шығаруға қатысты сөзін еске салып: «Тоқаев Қазақстанның әскери әлеуетін шоғырландыру және нығайту және қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету қабілетін жеделдету үкіметтің бірінші кезектегі мәселелерінің басында тұрғанын атап көрсетті»,- деді. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаңартылған әскери доктринада елдің қауіпсіздігіне әсер ететін заманауи элементтер ескеріліп:  «Жаңа әскери доктринада қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттыру мақсатында арнайы операциялық күштерді дамыту қарастырылған»,- деп айтылды. Қазақстан Қорғаныс министрлігі     әскери доктринаны қайта қарау үкіметтің жаңа қауіптерге әрекет ету әлеуетін арттыратынын атап өтті.