Қазақстанда Республика күні қайта тойланды
(last modified Wed, 26 Oct 2022 11:55:34 GMT )
Қаз 26, 2022 17:55 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Республика күні  қайта тойланды

Он үш жылдық үзілістен кейін Қазақстанда 25 қазан «Республика күні» ретінде аталып өтілді.

 

25 қазан – Қазақстан Республикасының күні. 2009 жылдан бері мерекеленуі тоқтатылған Республика күні ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  бастамасымен мемлекеттік мерекелер тізіміне қайтарылды. Қазақстан Президенті резиденциясының алдында өткен Республика күніне арналған салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев: «1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация бекітілді, бұл Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізудегі алғашқы қадамы болды», - деді. Тоқаев бұл құжатты бекітуде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін өте маңызды деп санады, бірақ қосымша түсініктеме беруден бас тартты. Қазақстан Президентінің қуаттауынша, Республика күні Астана билігінің тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендік пен мемлекеттілік жолындағы тарихи қадамының символына айналуы тиіс.