ҚазҰУ: Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасындағы үйірме жұмыстары
(last modified Mon, 31 Oct 2022 15:47:38 GMT )
Қаз 31, 2022 21:47 Asia/Almaty
  • ҚазҰУ: Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасындағы үйірме жұмыстары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында факультет басшылары, кафедрамыздың меңгерушісі мен профессорлар-оқытушылар құрамы қатысқан «Үйірме жұмыстары» атты кең көлемді жиын болып өтті.

Іс-шараның  негізгі  мақсаты – Қытай  Халық Республикасынан, Сауд  Арабиясынан, Өзбекстан Республикасынан, Моңғолиядан, Ираннан,  Тәжікстаннан Қазақстанның ЖОО-на  түсуді  армандап, білім  алуға  келген  қандастарымызбен кездесу өткізіп, кафедрамыздағы түрлі үйірмелер мен  клубтардың жұмыстарымен таныстыру. Тыңдаушыларымыздың болашақта Қазақстанның азаматы болып қалыптасуына және мамандық таңдауға,  ЖОО-ға түсуге қатысты көкейкесті сауалдар төңірегінде пікір алмасып,   пәнді терең меңгеруге тақырыптық түрлі үйірмелер мен клубтардың берері туралы әрбір үйірме жетекшісі өз кезегінде сөйледі.

Тыңдаушыларымыз – физика, биология, тарих, медицина, математика,  өнер саласы, география, т.б. мамандықтарды таңдап,  Қазақстанның  жоғары  оқу орындарында  білім  алғысы  келетін және атажұрттың  азаматтығын  алып тұрақтап  қалғысы келетін жастар.

          Кафедрамыздың оқытушылары өз саласы төңірегінде  тыңдаушыларымызға  құнды пікірлері мен кеңестерін беріп, сонымен қатар  олардың  атажұртта бейімделуіне қатысты көптеген мәселер туралы да  сөз қозғады.

         Пәндік үйірмелер мен клубтар оқу жылы бойында қосымша білім берумен қатар, қаламыздағы және облыста орналасқан түрлі мұражайлар  мен саябақтарға, тарихи ескерткіштерге саяхат жасатып отырады. ҰБТ-ға даярлығына қосымша тест сұрақтарын да талқылап, есептер шығарып  білімдерін шыңдай түседі.

        

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

Жоғары оқу орнына дейінгі  білім беру факультеті

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының

 аға оқытушы Үсенбекова А.Е.