Қар 03, 2022 20:23 Asia/Almaty
  • Астана мен Алматыда Қазақстан-Иран экономикалық форумы өтті

Астана мен Алматыда инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттау саласындағы 15-тен аса ирандық компания өкілдері мен маңызды қазақстандық компаниялар және мемлекеттік қайраткерлердің қатысуымен Қазақстан-Иран экономикалық форумы өтті.

Бұл форумда алдымен ИИР-ның Алматыдағы бас консулы Мохсен Фоғани Теһранда Иран мен Қазақстаның экономикалық ынтымақтастығы ортақ комиссиясының 17-ші отырысы өткенін және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Теһранға сапары, Иран азаматтарына Қазақстанға бару үшін 14 күнге визасыз режим орнатылғанына тоқталып, мұны екіжақты қарым-қатынастағы бетбұрыс нүктесі деп атады.

Осы отырыста Алматы облысының Өңірлік даму орталығының директоры Шыңғыс Мақашев осы облыстың түрлі салалардағы әлеуеттерін баяндап, сауда-экономикалық белсендіктердің басты бағыттары ретінде туризм, құрылыс, фармацевтика, транзит, ауыл шаруашылығы, қайта қалпына келетін қуат көздері және азық-түлік өндірісін атады.  

Ирандық делегация Алматымен қоса, Астанаға сапар шегіп, Астана халықаралық қаржы орталығында өткен Қазақстан-Иран экономикалық форумына қатысты.

Тегтер