Қазақстан логистика саласына 20 млрд доллар инвестиция тартуды көздеп отыр
Қар 13, 2022 20:44 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті осы елдің логистика саласына 20 млрд доллар инвестиция тартуды көздеп отырғанын хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен түркі тілдес елдер отырысында: "Қазақстан логистиканы дамытып, түрлі тасымал жолдарын ашу үшін 2025 жылға дейін 20 млрд доллар инвестиция тартады",-деді.
Тоқаев: "Түркі тілдес елдер үшін тасымал мен транзиттік қатынас әлеуетін арттыру және өздерінің логистикалық қабілетін барынша пайдалану өте маңызды",-деді.
Қазақстан Президенті Қазақстан, Әзірбайжан мен Түркия елдері территориясынан өтетін "Транс Каспий" тасымал жолын осы саладағы айқын мысал екенін айтып: "Тасымал мен логистиканы дамыту басым бағыт деп санаймыз",-деді.
Тегтер