Қар 21, 2022 20:19 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау нәтижесі

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы жариялаған бастапқы нәтиже бойынша жексенбі, 20 қарашада осы елде өткен кезектен тыс президенттік сайлауда қазіргі басшы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңді.

Бұл сайлау шын мәнінде Қазақстандағы жетінші президенттік сайлау болды. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бері 29 жыл бойы үздіксіз ел басқарып, 5 президенттік сайлау өткізді. Оның екеуі кезектен тыс болды. Ал қалған екі сайлау Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі кезінде өтті. Шын мәнінде Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы Қазақстанда биліктен бас тартқаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдің Премьер-министрі және Назарбаевтың өкілетті өкілі ретінде елде билік басына келді. Тоқаев Қазақстанда өз ықпалын арттыру үшін президенттік сайлау өткізуге шешім қабылдады. Ал негізі Тоқаев әлі екі жыл ел басқарып, содан соң президенттік сайлау өткізе алатын еді. Президенттік сайлаудың алтыншы кезеңінде Тоқаев дауыс берушілердің 70 пайызының дауысына ие болған еді. Ал жетінші президенттік сайлау нәтижесі бойынша ол 81,31 пайыз дауыс жинады. Осыған орай  Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы: "Тоқаев 7 жыл бойы Қазақстанды басқаратын болады",-деп мәлімдеді. Яғни 2029 жылға дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті лауазымында болады.

Осы жолғы президенттік сайлауда алғаш рет әйелдер үміткер бола алды. Екі қазақ әйелі – "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестік өкілі әрі әлеуметтік желі белсендісі Салтанат Тұрсынбекова мен Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсының үміткері Қарақат Әбден кезектен тыс жетінші президенттік сайлауға үміткер болды.

Осы президенттік сайлаудың тағы бір ерекшелігі дауыс беру бюллетенінде "Бәріне қарсымын" деген графаның енгізілуі болды. Бұл таңдау графасы сайлау бюллетеніне алғаш рет енгізіліп отыр.  

Биыл маусым айында өткен референдум нәтижесі бойынша Қазақстанда басқару жүйесі өзгерді. Соған сәйкес үміткер 7 жылдық бір мерзімге  Қазақстан президенті болып сайлана алады және келесі сайлауларға қатыса алмайды.

Қалай болғанда да, бұдан бұрын аймақтағы кейбір саяси орталар болжағандай, Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс жетінші президенттік сайлауда басым дауыспен жеңіске жетті.

Тегтер