26 қараша – Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімі өтетін күн
Қар 23, 2022 20:21 Asia/Almaty
Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 26 қарашада осы елдің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтеді.
Қазақстан Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, президентті ұлықтау рәсімі қосымша қаржы бөлуді қажет етпейді. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының түпкілікті қорытындысы бойынша, Тоқаев осы елдің кезектен тыс президенттік сайлауында 81,31 пайыз дауыс жинады.