Астана Қазақстан туралы жағымсыз хабарларға Мәскеудің реакциясын күтуде
(last modified 2022-11-25T13:14:48+00:00 )
Қар 25, 2022 19:14 Asia/Almaty
  • Астана Қазақстан туралы жағымсыз хабарларға Мәскеудің  реакциясын  күтуде

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары ресейлік сарапшының сөзін айыптай отырып, Мәскеуден Қазақстанға қатысты келеңсіз ақпаратқа жауап беруді сұрады.

 

Жақында «Россия 1» арнасының «Вечер с Владимир Соловьевым» бағдарламасында  ресейлік сарапшылардың бірі Виктор Дробницкий   Ресейдің Украинадан кейінгі келесі мәселесі Қазақстан деп атап: «Қазір Украинада болып жатқан нацистік процестер сол жерде де (Қазақстан) басталуы мүмкін»,- деді.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ресейлік сарапшының өз елінің аумағында нацистік үдерістердің басталуы мүмкін деген мәлімдемесін айыптады. Қазақстанда нацистік процестің жоқтығына тоқталған бұл қазақстандық дипломат: «Қазақстан үкіметі мен ресми шенеуніктері мұндай мәлімдемелерге бұрын да талай рет түсініктеме берген. Біздің пікірімізше, біріншіден, мұндай сарапшылардың мәлімдемелері Ресей Федерациясының ресми ұстанымын көрсетпейді, екіншіден, олар Астана мен Мәскеудің дәстүрлі тығыз қарым-қатынасына нұқсан келтіреді, үшіншіден, федералдық арналардың бірінде мұндай ұстанымдарды білдіру Ресей тарапынан лайықты жауапты қажет етеді»,- деп мәлімдеді. 

 

Тегтер