Қазақстан БҰҰ-ның Ресей әскерін Украинадан шығару туралы қарарына қарсылық білдірді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i66344
Украинадағы әскери қақтығыс басталғаннан бері Қазақстан алғаш рет Ресейден әскери шабуылды тоқтатуды және Украина аумағынан қарулы күштерін шығаруды талап еткен БҰҰ қарарына қарсы дауыс берді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 20, 2022 14:38 Asia/Almaty
  • Қазақстан БҰҰ-ның Ресей әскерін Украинадан шығару туралы қарарына қарсылық білдірді

Украинадағы әскери қақтығыс басталғаннан бері Қазақстан алғаш рет Ресейден әскери шабуылды тоқтатуды және Украина аумағынан қарулы күштерін шығаруды талап еткен БҰҰ қарарына қарсы дауыс берді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ Бас ассамблеясы осы қарарында Ресейдің  Қырымды  Украинаға шабуыл жасау үшін пайдалануын және  Херсон мен  Запорожье  аймақтарын басып алуға әрекет жасау әрекетін айыптады. Бұл құжатта Ресейден Украинаға әскери басып кіруді дереу тоқтату және барлық қарулы күштерін осы елдің аумағынан сөзсіз шығару талап етілді. «Қырым мен Севастопольдегі адам құқықтарының бұзылуы» резолюциясын әлемнің 82 түрлі елі қолдап, 80 ел қалыс қалды, қалған 14 ел қарсы дауыс берді.

15 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында Қырымдағы адам құқықтарының бұзылуы туралы қарар талқыланды.