Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс кезінде американдық биологиялық қозғалыстар
Stanradar ақпараттық-сараптамалық сайты хабарында Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс кезінде Украина жерінде орналасқан американдық зертханаларда биологиялық қару әзірленіп жатқанына назар аударып: «Қазақстанда BSL-4 биологиялық қауіпсіздік деңгейіне ие тағы бір осындай нысан салынуда»,- деп мәлімдеді.
Fars news агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін бір ақпарат көзі бұл өте құпия нысанның Қазақстанның Жамбыл облысындағы Гвардейск ауылында салынып жатқанын хабарлаған.
Толық құпия жағдайда оқиғаның мәнін ашпайтын бірнеше ресми мәлімдемелер ғана жарияланғаны айқын. Қазақстандық БАҚ осыған байланысты барынша ашықтыққа шақырғанымен, бұған қатысты ешқандай жаңалық жарияланбайды. Ресей Қорғаныс министрлігі АҚШ әскерилерінің Украинадағы зертханаларында немен айналысқаны туралы фактілер көбірек анықталса, Қазақстанда тағы бір зертхана салу мәселесі қызық болатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, 2016 жылы Алматыда алғашқы америкалық биологиялық зертхана құрылғалы бері бұл елде сібір жарасы және олардың жаппай қырылуына әкелетін басқа да жануарлар аурулары көбейген. Сондай-ақ адамдар арасында тұмаудың түсініксіз және белгісіз түрлері және тіпті менингиттің ерекше эпидемиясы байқалуда. Бұл туралы қазақстандық басылымдар талай рет жазды. Сонымен қатар, корона вирусының індеті кезінде кем дегенде осы зертхана жұмысының нәтижелері қандай болды, деген сұрақтар туындады. Бірақ жарияланған жалғыз жауап - бұл зертханалардың негізгі міндеті, ресми мәлімдемеге сәйкес, қауіпті инфекциялардың таралуымен күресу.