Иран мен Қазақстан кітап басып шығару саласында мәдени ынтымақтастық етеді
(last modified Wed, 21 Dec 2022 10:00:51 GMT )
Жел 21, 2022 16:00 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан кітап басып шығару саласында мәдени ынтымақтастық етеді

Қазақстанның Тарих және этнология институтының директоры мен Иран Республикасы Елшілігі жанындағы мәдени орталықтың директоры Алматыда кездесіп, «Джами ат-Тауарих» кітабын шығару туралы уағдаласты.

Иран Республикасы Елшілігі жанындағы мәдени орталықтың директоры Мажид Алигар Қазақстанның Тарих және этнология институтының директорымен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық жолдарын талқылады. Осы отырыста ИИР-ның Елшілігі жанындағы мәдени орталықтың Алматыдағы мәдени бөлімшесінің басшысы: «Иран мен Қазақстан арасында терең тарихи және мәдени байланыс бар.  Ғылыми-тарихи қажеттіліктерге және ортақ тарихты тануға сәйкес, екі халықтың бұрынғы қарым-қатынасын жаңғырту үшін парсы тілін тарату, кітап шығару сияқты шараларды қолға алуымыз керек»,- деді.

Қазақстанның Тарих және этнология институтының директоры да Иран университеттерінің деңгейі мен ғылыми қуатының халықаралық стандарттарға сай екендігін мәлімдеп: «Қазақ халқының шынайы тарихын жинақтау мақсатында бізге Қазақстанның тарихи құжаттары мен дереккөздерін  алу үшін Алматыдағы Иранның мәдени орталығының ынтымақтастығы қажет»,- деп айтты.