Қазақстан: Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаймыз
Жел 26, 2022 14:35 Asia/Almaty
Қазақстан Сыртқы істер министрі елінің Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайтынын мәлдімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхтар Тілеуберді Жапонияның NHK радио және теледидар желісіне берген сұхбатында: «Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаймыз, бірақ сонымен бірге ел экономикасы шектеу шараларын айналып өту үшін пайдаланылады деген қағиданы ұстанамыз»,- деді.
Ол Ресей мен Украинаны Қазақстанның тарихи дос елдері деп атап: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің басшыларымен тұрақты байланыста болып, қазіргі қақтығысты бейбіт және дипломатиялық жолмен шешу үшін келіссөз үстеліне отыруға шақырады»,- деп сөзін жалғады.