Екіжақты әріптестік - Өзбекстан мен Қазақстан өкілдерінің Астанадағы кездесуінің басты тақырыбы
Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары, Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев пен Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанада кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.
«Fars news» агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жақында жасаған сапары аясында екі ел президенттерінің бұйрықтарының орындалу мәселелері басты назарда болды. Тараптар екіжақты сауда алмасуды арттырудың, екі елдің іскер топтары арасындағы өзара ынтымақтастықты тереңдетудің оң бағытын атап өтті. Сондай-ақ жаңа бірлескен жобаларды құру және жүзеге асыру бастамаларына үкімет деңгейінде қолдау көрсетудің маңыздылығы қуатталды. Осы кездесудің соңында Қазақстан Премьер-Министрі 2022 жылғы 21 және 22 желтоқсандағы екі ел президенттерінің келіссөздері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың «жол картасына» қол қойды. Бұл құжатқа Өзбекстан премьер-министрі қол қояды.