Қазақстанда «Шәһид Сүлеймани мектебі және заманауи ислам өркениеті» виртуалды конференция өтті
Жүректердің қолбасшысы қажы Қасым Сүлейманидің шәһид болғанының үш жылдығында Иранның Қазақстандағы мәдени кеңесшісі, оқу орындарының профессорлары, ирандық зерттеушілер мен қазақстандық студенттердің қатысуымен «Шәһид Сүлеймани мектебі және заманауи ислам өркениеті» атты виртуалды конференция өтті.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл конференция сардар Сүлейманидің жеке басын және жиһадқа ұқсас өмірін таныстыру мақсатында өткізілді. Осы орайда Сүлеймани мектебінің ұстанымдары, Батыс Азияда қауіпсіздік, бейбітшілік пен тыныштық орнату және лаңкестікпен күресу, сондай-ақ ИИР-ның ұлттық мүдделерін қорғау жолындағы маңызды әрекеттері Қазақстан халқы үшін түсіндірілді.
«Иран жаңа өркениет табалдырығында» кітабының авторы шәһид Сүлейманиді елінің және аймақтағы барша мұсылмандардың мүддесін қорғаған Иран халқының ұлттық қаһарманы деп атады. Ол: «Сардар Сүлеймани АҚШ-тың мұсылман халқына қысым көрсетуге негізделген саясатына қарсы күресіп, олардың қастандықтарының алдын алды»,- деді.
Конференцияның жалғасында қазақ ирантану ғылымының кейбір жас зерттеушілері Қасым қажы ойларын әр қырынан сараптады.