Қазақстанда қарлы бораннан 127 жол жабылып, 600-ден астам көлік тұрып қалды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i66706
Шығыс Қазақстанда соққан қатты боран ондаған жолды жауып, жүздеген көлікті жолда қалдырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 05, 2023 10:37 Asia/Almaty
  • Қазақстанда қарлы бораннан 127 жол жабылып, 600-ден астам көлік тұрып қалды

Шығыс Қазақстанда соққан қатты боран ондаған жолды жауып, жүздеген көлікті жолда қалдырды.

Fars News агенттігінің Sputnik-ке сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстанда қысқы қарлы боран 600-ден астам көлікті қар құрсауында қалдырды. Қазақстандық БАҚ ауа райының қолайсыздығы, боран мен аяз 127 жолды, оның ішінде 49 қала ішілік жолды және облыс арасындағы 78 қатынас жолын жауып тастағанын хабарлады. Бұл БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстанның шығысында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Түркістан қалың қардың жиналуы және жолдардың жабылуы салдарынан 600-ден астам көлік қар құрсауында қалды. Төтенше жағдайлар тобы қарлы боран салдарынан жолда қалып қойған 691 адамды, оның ішінде 137 баланы құтқарып, қауіпсіз жерге ауыстырды.