Қазақстан мен Үндістанның бірлескен әскери оқу-жаттығуы өтті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i66852
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі «Қаз-Инд» атауымен осы ел мен Үндістанның бірлескен әскери оқу-жаттығулары өткенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 11, 2023 13:43 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Үндістанның бірлескен әскери оқу-жаттығуы өтті

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі «Қаз-Инд» атауымен осы ел мен Үндістанның бірлескен әскери оқу-жаттығулары өткенін хабарлады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі бұл туралы хабарлай отырып,  Астана тарапынан бұл оқу-жаттығуға осы елдің «Оңтүстік» аймақтық штабының сарбаздары қатысқанын мәлімдеді.

Үндістанда 2 аптаның ішінде өткізілген бұл бірлескен әскери оқу-жаттығуға қатысушылар бейтаныс жерде ұрыс қимылдарының әртүрлі элементтерін пысықтады. Бұл әскери оқу-жаттығуды ұйымдастырушылар ерекше табиғи-климаттық жағдайларда бағдарлану және аман қалу ережелеріне баса назар аударды. Сондықтан негізгі кезеңде екі елдің әскери қызметкерлері соғыстағы жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындады.