Иран Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласында екіжақты әріптестікті дамытуға дайын
(last modified Thu, 26 Jan 2023 12:15:04 GMT )
Қаң 26, 2023 18:15 Asia/Almaty
  • Иран Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласында екіжақты әріптестікті дамытуға дайын

Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Теһран үкіметінің Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласында екіжақты әріптестікті дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Иран-Қазақстан ортақ экономикалық комиссиясының 18-ші отырысына қатысу үшін Астана қаласына барған Сейіт Джавад Садатинежад Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрімен кездесіп,  Иранның инженерлік компанияларының тамақ өнеркәсібі саласында ортақ жобаларды орындауға жақсы тәжірибеге ие екенін айтып: "Ирандық компаниялар Қазақстанда комбайн мен трактор жасау және ортақ зауыт салу саласында жұмыс істеуге дайын",-деді.

Садатинежад Иран Қазақстанмен дәнді-дақылдар саудасы саласында бұрыннан бері әріптесіп келе жатқанына тоқталып: "Егер қазақстандық компаниялар дайын болса, алдағы апталарда бұл елден Иранға 2-3 мың тонна жаңа сойылған қойдың етін импорттауды бастаймыз",-деді.

Иранның Ауыл шаруашылығы министрі: "Иранның мемлекеттік сауда компаниялары елде егін егу маусымы басталғаннан осы күнге дейін 1 млн 400 мың га егіс алқабынан бидай алуға келісім жасады. Қазақстандық компаниямен  осы елде келісімшарт бойынша тапсырыспен егін егу саласында әріптестік жасай алады",-деді.

Иран-Қазақстан ортақ экономикалық комиссиясының 18-ші отырысы Астана қаласында өтті.