Назарбаев Қазақстанда Украина сценарийінің қайталану қаупін ескертті
Қазақстанда мемлекеттік жерлерді белгілі бір адамдарға сату және жалға беруге қарсы халықтық наразылықтардан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина сценарийінің қайталану қаупін ескертіп, Қазақстан халқын тілеулестікке шақырды.
IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Назарбаев: «Елдегі бейберекеттік халықтың тыныштығы мен әл-ауқатын, елдің экономикасын құртады»,-деді.
Ол екі жыл бұрын Украинаның шығысында орын алған дағдарысқа тоқталып: «Бұл елдің экономикасы қақтығыстардың жалғасуы салдарынан қатты зардап шекті»,-деді.
Назарбаевтың айтуы бойынша, мұндай жағдай Украинаның ұлттық бірлігі жойылып, халқы бір-бірімен соғысып, қырып-жоюмен айналысып кеткендіктен орын алды.
Қазақстан Президенті: «Қазақстанда қауіпсіздік пен тыныштық орнаған. Жаңа буынның тәуелсіздік, біртұтастық, достық пен тыныштықты сақтауы өте маңызды»,-деді.
Қазақстан халқы соңғы бірнеше күнде Қызылорда мен Жаңаөзен қалаларында Назарбаевтың мемлекеттік жерлерді белгілі бір адамдарға аукционға шығару жобасына қарсы шеру өткізді.