Қазақстанда жанармай экспорттауға тыйым салынды
Қазақстан үкіметі ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуді кепілдендіру мақсатында 18 ақпаннан бастап 4 айға жанармай экспорттауға тыйым салды.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті: "Үкімет бензин, дизель мен басқа мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салды. Бұл тыйым жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді",-деп мәлімдеді.
Қазақстанның Қаржы министрлігі: "Сыртқы сауда мен тасымалға қатысы бар адамдар, кеден өкілдері және осы салаға қатысты басқа да мекемелер аталмыш тыйымды сақтауы тиіс. Тыйым салудағы мақсат – елді сұйық отынмен қамтамасыз етуді кепілдендіру және тапшылықтың алдын алу",-деді.
Қазақстаннан жанармай экспорттауға тыйым салу Еуроодақтың Ресей жанармайын импорттауға қарсы қабылдаған санкциясы жүзеге асып, 5 ақпанда Ресейдің дизель мен басқа мұнай өнімдеріне шекті баға белгілегенінен бірнеше күн өткенде жарияланып отыр.