Қазақстан Украинаға әскери техника жөнелту туралы хабарды теріске шығарды
(last modified Tue, 28 Feb 2023 08:42:24 GMT )
Ақп 28, 2023 14:42 Asia/Almaty
  • Қазақстан Украинаға әскери техника жөнелту туралы хабарды теріске шығарды

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі кеше түнде Астананың Украинаға ешқандай әскери техника жібермегенін және осыған байланысты айтылған мәлімдемелер шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, кейбір ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде осы елдің әскери техникасын Украинаға жөнелту туралы жарияланған мәлімдемелер шындыққа жанаспайды.

Сондай-ақ Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мәлімдемеде Астанадан Киевке қару жөнелтілгені туралы жарияланған видеоның мұрағаттық екенін және қазіргі уақытта елдің әскери техникасы сақтауда екенін атап өтті. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде  заңға сәйкес, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап бұл елден қару-жарақ пен әскери техниканы басқа елдерге шығаруға тыйым салынғаны айтылды.