Қазақстан: Ресейден қауіп төніп тұрғанын сезбейміз
Астананың Мәскеумен қарым-қатынасына тоқталған Қазақстанның Cыртқы істер министрі: «Біз Ресейден қауіп төніп тұрғанын сезбейміз»,- деді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді: «Бұл ел өз аумағын кез келген агрессия мен санкциялар үшін пайдалануға рұқсат бермейді, бірақ қазіргі уақытта біз Ресей Федерациясы тарапынан ешқандай қауіп-қатерді көріп немесе сезіп отырған жоқпыз. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, Ресеймен шектесетін немесе аймақта орналасқан басқа елдермен бірге мүше, сондықтан біз Мәскеумен қарым-қатынасты одақ ретінде қарастырамыз, оның шеңберінде көпжақты құрылымдар жұмыс істейді. Астана мен Мәскеу арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың берік құқықтық негізі бар»,- деп мәлімдеді.