Қазақстан мен Ресей басшылары телефон арқылы сұхбаттасты
Нау 10, 2023 19:19 Asia/Almaty
Қазақстан мен Ресей басшылары екі ел арасында сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту және транзиттік жолдарды кеңейту жайлы сұхбаттасты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бұрынғы келісімдерді жоғары деңгейде орындау мақсатында екі ел қарым-қатынасының қазіргі жағдайы және нығайту жолдарын талқылады.
Осы сұхбатта транзит және тасымал жолдары мен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді.
20 қаңтарда қос тарап екі елдің стратегиялық әріптестігіне қатысты маңызды тақырыптарды талқылаған болатын.
Бұл – Қазақстан мен Ресей басшыларының 2023 жылдың басынан бергі үшінші сұхбаты.
Тегтер