Назарбаев Қазақстанда Украинаның тәжірибесінің қайталануы туралы ескертті
(last modified Wed, 04 May 2016 11:36:12 GMT )
Maм 04, 2016 17:36 Asia/Almaty
  • Назарбаев Қазақстанда Украинаның тәжірибесінің қайталануы туралы ескертті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл елде Украинаның тәжірибесінің қайталануы туралы ескерту жасап: «Украинаның экономикасы өткен екі жылдағы қақтығыстарға байланысты төмендеді. Қазақстан дағдарыс тудырып, Украинаның тағдырын қайталамауы керек»,- деді.

Қазақстанда мемлекеттік жерлерді белгілі бір адамдарға сату және жалға беруге қарсы халықтық наразылықтардан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина сценарийінің қайталану қаупін ескертіп, Қазақстан халқын тыныштыққа шақырды. Оның айтуынша, елдегі бейберекеттік халықтың тыныштығы мен әл-ауқатын, елдің экономикасын құртады. Қазақстан Президенті ұлттық бірліктің қажеттілігін туралы сөздерін соңғы бірнеше күнде Қызылорда мен Жаңаөзен қалаларында Назарбаев үкіметінің мемлекеттік жерлерді белгілі бір адамдарға аукционға шығару жобасына қарсы шеру өткізген жағдайда айтты.

Қазақстанның кейбір саяси топтары бұл елдегі соңғы шеруге қатысты батыстықтардың наразылық тантыушылардың іс-әрекеттерін саясиландыру талпыныстарына назар аудартты. Шын мәнінде Атырау, Ақтау мен Семейдегі шерулерге жерді ұзақ мерзімге шетелдіктерге беру салдарынан ауылшарушылық жерлерден айырылу ықтималына қатысты туып отырған алаңдаушылықтар себеп болды.

Әсіресе осы кезде Қазақстанда мемлекеттік жерлерді қытайлықтарға тапсыру жобасын өзгерту мәселесіне қатысты пікірталастар деңгейі артты. Жерге қатысты заңға өзгеріс енгізу бойынша шетелдіктер жалға алған жерлерін 25 жылға дейін пайдалану құқығына ие болады. Бұл заңның қарсыластары қытайлықтар мұндай жағдайды пайдаланып, Қазақстанның ауылшаруашылық жерлерінің көптеген бөлімін өз ықтиярларына алып қояды деп алаңдауда. Қазақстанның ауылшарушылық жерлерін жалға алушылардың бірі ретінде Қытайдың аталуы батысшыл саяси топтарға жаңа заң мен Астана үкіметінінің шешіміне деген пікірталасты арттырды. Кейбір бөгде топтар қазақ халқының наразылықтарын өздерінің мүддесіне қарай бұруға шешім қабылдаған деген сөз бар. Айта кететін жайт, өткен жылдардағы қақтығыстарда Ұлыбританияның барлау қызметтерінің рөлі тіркелген болатын.

Сонымен бірге мұндай жағдайда Қазақстан үкіметі халық арасындағы беделінен айырылмауы керек. Өйткені мұндай шерулердің өтуі халықтың арасында Астана үкіметінің ресми қайраткерлеріне сенімсіздік тудыруы мүмкін. Осыған орай Нұрсұлтан Назарбаев елдегі наразылықтарға бөгделер араласуда деп айыптаудан бұрын, халыққа келешек дағдарыс және бөгделердің араласуы туралы ескерту жасап, халықты үміттендіру үшін елдің экономикасын жандандыруға уәде беріп, қоғамда ұлттық бірлікті сақтап, үкіметтің шешіміне сенім артуға шақырды.