Нау 17, 2023 18:23 Asia/Almaty
  • Қазақстан Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіруді қолдады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы келісім мен дипломатиялық қарым-қатынасты жақсартуды құптады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы жұмада Астананың Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру мақсатында 2023 жылғы 10 наурызда Бейжіңде қол жеткізілген келісімдерді құптайтынын хабарлады.

Қол жеткізілген келісімдер Қазақстанның исламдық татуласу жөніндегі бастамасына толығымен сәйкес келеді, деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрлігі. Бұл министрлік Теһран мен Эр-Рияд өкілдерінің Қытайдағы келіссөздері мен осы елдің рөлін жоғары бағалады.

 

Тегтер