Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Нағме-и баран» тобының концерті өтті
Наурыз мерекесі қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әл-Фараби кітапханасында Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы мен Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған ирандық «Нағме-и баран» тобының дәстүрлі музыка концерті өтті.
Концертте сондай-ақ Алматы П.И. Чайковский атындағы музыка колледжінің оқытушылары мен студенттері де өнер көрсетті. Концертке жиналған өнерсүйер қауым кітапхана фойесінде қойылған Наурыз мейрамының символы саналатын «Хәфт син» дастарханы мен араб-парсы каллиграфиясы үлгілері және Иранның тарихи көрнекі жерлерінің фотолары көрмесімен де танысу мүмкіндігіне ие болды. Концертті тамашалауға Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Равшан Бобохонзода, ҚазҰУ және т.б. Алматы қаласындағы университеттердің оқытушылары мен студенттері, Алматыда тұратын ирандық диаспора өкілдері келді.
Дереккөз: https://www.kaznu.kz/kz/11841/news/one/36427//