Нау 27, 2023 18:40 Asia/Almaty
  • «Жеті син» дастарханы  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Наурызында

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен Наурыз мейрамына арналған бағдарламада Наурыз мейрамының әлем елдерінде тойлану дәстүрі көрсетілді.

Мерекелік шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатарында Иран ислам Республикасының Бас консулы Мохсен Фагани, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Ибраһим Айдемир, ТүркПА делегациясының басшысы Абдуллах Нури Айбаз, Түркия Республикасының Бас консулы Али Рыза Акынжы, Өзбекстан Республикасының Бас консулы Аброр Фатхуллаев, Тәжікстан Республикасының Бас консулы Равшан Бобохонзода, Түрікменстан Республикасының Бас консулы Гадам Иламанов, Қырғызстан Республикасының вице-консулы Нұрғазы Олғожаев болды.

ҚазҰУ-дағы "Жеті син" дастарханы

            Мерекелік шарада Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдікпен бірлесе отырып, дәстүрлі ирандық Наурыз дастарханы - «Жеті син» дастарханын жиналған қауым назарына ұсынып,  Наурыз символының рухани терең мәнін түсіндірді. Сонымен қатар қонақтар араб-парсы каллиграфиясы үлгілері және Иранның тарихи жерлері түсірілген фотолардың шағын көрмесін де тамашалады.

Дереккөз: https://www.kaznu.kz/kz/11841/news/one/36460/

Тегтер