Қазақстан үкіметі отставкаға кетті
Қазақстан Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елде Парламент Мәжілісіне сайлау өткеннен кейін Әлихан Смайылов басқарған үкімет отставкаға кетті.
Қазақстан конституциясы бойынша елде Парламент Мәжілісіне сайлау өткеннен кейін үкімет отставкаға жіберіледі. Тиісті сайлау 19 наурызда өтті. Орталық сайлау комиссиясының есебі бойынша 98 орынның 62-сі "Аманат" партиясына берілді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметінің мәлімдемесінде: "Елде Парламент Мәжілісіне сайлау өткеннен кейін үкімет отставкаға жіберілетіндіктен Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенше ескі құрам өз міндетін атқаруды жалғастырсын деп бұйырамын",-делінген.