Мамыр айынан бастап Қазақстанда мұнай өндірісі азаяды
Сәу 03, 2023 21:19 Asia/Almaty
Қазақстанның Энергетика министрлігі: "Қазақстан OPEC-ке мүше елдермен бірге 2023 жылы мамыр айында мұнай өндірісін азайтуды көздеп отыр",-деп мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан мұнай өндірісін күніне 78 мың баррельге азайтуды көздеп отыр. Бұл 2022 жылы 5 қазанда OPEC+ Сыртқы істер министрлерінің 33-ші отырысында қабылданған алдын алу шарасы болып табылады. Бұған дейін бұл аптада мұнай бағасы өседі деп хабарланған болатын.
Өткен желтоқсанда OPEC+ елдері қазан айында қабылданған мұнай өндіру бағдарламасын орындауға шешім қабылдады. Ол бойынша мұнай өндірісін күніне 2 млн баррельден асырмау көзделген. Келесі отырыс 2023 жылы 4 маусымда өтеді.
Тегтер