Сионистердің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына Қазақстан Сыртқы істер министрлігі реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i68956-Сионистердің_Әл_Ақса_мешітіне_жасаған_шабуылына_Қазақстан_Сыртқы_істер_министрлігі_реакция_білдірді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына реакция білдірді.
(last modified 2025-09-23T08:30:57+00:00 )
Сәу 11, 2023 18:55 Asia/Almaty
  • Сионистердің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына Қазақстан Сыртқы істер министрлігі реакция білдірді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына реакция білдірді.

Fars news агенттігінің хабарлауынша,  Айбек Смадияров: «Қазақстан әрқашан толеранттылық пен конфессияаралық диалогты нығайтуды жақтайды және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес Таяу Шығыс проблемасын бейбіт жолмен шешуге бағытталған халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін табанды түрде қолдайды. Қазақстан әл-Ақса мешітіндегі діндарларға жасалған шабуылдан кейін Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне алаңдаулы»,- деді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы саяси және діни жетекшілерден қасиетті Рамазан және Пасха айы кезінде шиеленісті азайтуға бар күш-жігерін салуды сұрады.