Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i68972
Қазақстанның Ауғанстан халқына арналған гуманитарлық көмегін тиеген 35 вагон бүгін Өзбекстанның Хайратон шекаралық бекеті арқылы Ауғанстанға кірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 12, 2023 17:47 Asia/Almaty
  • Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстанның Ауғанстан халқына арналған гуманитарлық көмегін тиеген 35 вагон бүгін Өзбекстанның Хайратон шекаралық бекеті арқылы Ауғанстанға кірді.

Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев сейсенбі күні: "Қазақстанның Ауғанстан халқына арналған гуманитарлық көмегі бидай, ұн, май  және бұршақ тұқымдастардан тұрады. Ол Қазақстан өкілі тарапынан Хайратон шекаралық бекетінде Талибан үкіметіне тапсырылды",-деп хабарлады.

Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Астана үкіметінің Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жөнелтуді жалғастыратынын айтып, алдағы бірнеше күнде тағы 45 вагон келетінін хабарлады.