Кабулда Қазақстан мен Ауғанстан басшылары кеңесті
(last modified Sun, 16 Apr 2023 11:24:03 GMT )
Сәу 16, 2023 17:24 Asia/Almaty
  • Кабулда Қазақстан мен Ауғанстан басшылары кеңесті

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары әрі Сауда министрі Ауғанстанның астанасы Кабулда Талибан уақытша үкіметінің басшыларымен өзара қарым-қатынасты нығайту туралы пікір алмасты.

Кабулға іссапармен барған Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары әрі Сауда министрі Серік Жұманғарин Талибан үкіметінің Сыртқы істер министрі Амирхан Моттақимен кездесуінде: "Ауғанстанда үкіметтің ауысуы екі елдің қарым-қатынасына сызат түсірмеді. Қос тарап өзара байланысты нығайтуды қалайды",-деді.

Серік Жұманғарин Кабулға барған Қазақстан делегациясының құрамындағы кәсіпкерлер тобына тоқталып: "Ауғанстан транзит тұрғысынан өте маңызды географиялық позицияға ие. Орталық Азия елдерін Оңтүстік Азия елдерімен байланыстырады",-деді.

Талибан үкіметінің Сыртқы істер министрі Амирхан Моттақи де осы кездесуде: "Ауғанстанда инвестиция салуға жақсы жағдай жасалды. Қос тараптың талпынысымен Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы қазіргі  900 млн доллардан асады деп күтеміз",-деді.

Қазақстан делегациясы сондай-ақ Талибан үкіметінің Сауда және өнеркәсіп министрі Нуреддин Азизимен кездесті.

Талибан үкіметінің Сауда және өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, қос тарап осы кездесуде екі ел арасындағы сауда деңгейін 3 млрд долларға дейін көтеріп, Ауғанстанның кен орындарына инвестиция салу және тасымал инфрақұрылымын қалыптастыру туралы сұхбаттасты.