Қазақстан Президенті мен АҚХА-нің бас директоры АЭС салу туралы кеңесті
Сәу 21, 2023 20:48 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚХА-нің бас директоры Рафаэль Гросси Астанада кездесіп, сұхбаттады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға келген АҚХА-нің бас директорына қошемет білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен агенттік арасында ынтымақтастықты одан ары нығайтуда өте маңызды деп атады.
Тоқаев: "Сіздің сапарыңыз – біздің қарым-қатынасымыздың дамуы тұрғысынан дер кезінде жасалып отырған шара. Агенттікпен әріптесу Қазақстан үшін басым бағыт екенін білесіз. Біз әріптесуге құштармыз. Сіздің бас директор ретіндегі жұмысыңызға алғысымыз зор",-деді.
Айта кету керек, Алматы өңірі Қазақстанда АЭС салынатын бастапқы орын болып таңдалды.
Тегтер