Иран мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 20 пайызға өсті
(last modified 2023-04-27T10:54:09+00:00 )
Сәу 27, 2023 16:54 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 20 пайызға өсті

Иранның кедендік статистикасы Иран мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының 20 пайызға өскенін көрсетеді.

Иран мен Қазақстан арасындағы сауда өткен жылы (1401) 320 миллион доллардан асты, бұл 1400 жылмен салыстырғанда 20 пайызға жоғары. Иранның кедендік статистикасы бойынша, 1401 жылы Қазақстаннан Иранға шамамен 124 миллион 801 мың долларды құраған 275 мың тоннадан астам тауар әкелініп, өткен жылмен салыстырғанда құны 59 пайызға, салмағы бойынша 25 пайызға артқан. Бұл статистика 1400 жылы Қазақстаннан Иранға 78 миллион 683 мың доллардың 217 мың тонна тауары әкелінгенін көрсетеді.

Бидай, арпа, жартылай тіркемелерге арналған жол тракторлары, күнбағыс майы мен мақсары майы, тек сығымдалатын поршенді қозғалтқышы бар тракторлар (дизель немесе жартылай дизель) Қазақстаннан Иранға әкелінетін негізгі тауарлар болды.

Өткен жылы (1401) Ираннан Қазақстанға шамамен 195 миллион 340 мың доллардың 475 мың тоннадан астам тауары экспортталып, 1400 жылмен салыстырғанда құны 5 пайызға артқан. 1400 жылы Иранның Қазақстанға экспорты 187 миллион 200 мың доллардың 512 мың тоннадан астам тауарын құрады.

Тегтер