Назарбаев: 2017 жылға дейін шетелдіктерге жер жалға берілмейді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i6934-Назарбаев_2017_жылға_дейін_шетелдіктерге_жер_жалға_берілмейді
ҚР Президенті түрлі себептермен шетелдіктерге жерді жалға беру туралы Жер кодексінің бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялағанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 07, 2016 16:31 Asia/Almaty
  • Назарбаев: 2017 жылға дейін шетелдіктерге жер жалға берілмейді

ҚР Президенті түрлі себептермен шетелдіктерге жерді жалға беру туралы Жер кодексінің бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялағанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, Елбасы ҚР-ның Үкімет отырысында: "Аталмыш заң осы жылдың шілде айында жүзеге асуы тиіс болған. Алайда министрлері кабинетінің кеңесінен кейін бұл мәселе кейінге қалдырылды", деп мәлімдеді.

ҚР президенті аталмыш заңның қайта қаралу мәселесіне тоқталып: "Сенбі күні Парламентте арнайы комиссия құрылып, аталмыш заңға енгізілген өзгерістер халыққа хабарланады" деді.

Елбасының жерді шетелдіктерге жалға беру және сату туралы заңға өзгерістер енгізу жайлы мәлімдемесі аталмыш заңның бұқаралық ақпарат құралдарында жария болғаннан кейін Қазақстан азаматтарының түрлі қалаларда шерулерге шығуына байланысты жарияланды.

Шетелдіктерге жерді сату мәселесіне байланысты алғашқы шерулер 24 сәуір күні Атырау, Ақтөбе және Семей қалаларында өткен болатын.

Жерді шетелдіктреге сату және жалға беруге байланысты Қазақстан халқының наразылықтары тіпті 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні де жалғасты.