Астанада Түркіменстан мен Қазақстан мемлекеттік комиссиясының 12-ші отырысы өтті
Астанада Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының он екінші кезеңі өтті.
Fars ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, бұл отырыста Түркіменстан делегациясын осы елдің премьер-министрінің орынбасары Батыр Атдаев, ал екінші тарапты Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр басқарды.
Түрікменстан Премьер-министрінің орынбасары екі ел арасындағы сыртқы сауданың оң динамикасына ризылығын білдіріп: «Ашхабад Астанамен экономиканың әртүрлі салаларында өзара тиімді қарым-қатынас орнатуды жалғастырады»,- деді.
Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары да елі мен Түркіменстан арасындағы қарым-қатынастың қазіргі деңгейін ынтымақтастықтың барлық салаларында қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып: «Жоғары деңгейдегі кездесулер, сондай-ақ дәстүрге айналған делегациялар мен жұмыс топтарының өзара кездесулері екіжақты қарым-қатынастарға берік негіз береді»,- деп айтты.